АСТАНА, 5 желтоқсан - Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин 4-5 желтоқсанда Үндістанда мемлекеттік сапармен болады.
Бір күн бұрын Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди Ресей президентін әуежайда қарсы алды. Екі тарап бейресми кездесу өткізді.
Жұма күні Нью-Делиде жоғары деңгейдегі ресми келіссөздер өтеді. Осы келіссөздерден кейін екі тарап екіжақты үкіметаралық құжаттардың үлкен пакетін және бірқатар коммерциялық келісімді қабылдайды. Сондай-ақ мемлекет басшылары Ресей-Үндістан бизнес форумының пленарлық отырысында сөз сөйлеп, БАҚ алдында мәлімдеме жасайды.