Путин Үндістанда Махатма Гандиді құрметпен еске алды

Ресей президенті мемориалға гүл шоқтарын қойды
Sputnik
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Делиде үнді саясаткері және философы Махатма Гандидің кремация орнындағы Радж Гхат кешенін аралап, гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды РИА Новости.
Ресей басшысы бейсенбі күні екі күндік мемлекеттік сапармен Үндістанға барған. Жұма күні Путин Махатма Гандидің мемориалына гүл шоқтарын қойып, үнді саясаткерін құрметпен еске алды.
Путин Үндістанда Махатма Гандиді құрметпен еске алды
Махатма Ганди – ұлт азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі.1948 жылы индуистік шовинистік ұйым мүшелері өлтірді. Радж Гхат (патша айлағы) – оның кремацияланған орны.
Мемориал Джамна өзенінің маңында орналасқан. Келушілер дәстүр бойынша мемориалды аралағанда аяқ киімін шешеді.
Путин Үндістанда Махатма Гандиді құрметпен еске алды
Кешен бау-бақшамен қоршалған, барлық ағашты шетел президенттері мен үкімет басшылары отырғызған.
Алдағы уақытта жоғары деңгейдегі ресми келіссөздер өтеді. Нәтижесінде тараптар екіжақты үкіметаралық құжаттардың үлкен пакетін және бірқатар коммерциялық келісімді қабылдайды. Сондай-ақ көшбасшылар ресей-үнді бизнес форумы пленарлық сессиясында сөз сөйлеп, БАҚ үшін мәлімдеме жасайды.