Алматыда сот орындаушы 370 млн теңгені қалтаға басқан

Сондай-ақ 19 миллион теңге тұратын Range Rover көлігін иемденіп алған
Sputnik
АЛМАТЫ, 5 желтоқсан – Sputnik. Алматыда өндіріп алушыларға тиесілі қаржыны заңсыз иемденген сот орындаушы сотталды, деп хабарлайды қалалық прокуратура.
Жеке сот орындаушы өзінің қызмет бабын теріс пайдаланып, 370 миллион теңгеден астам ақшаны қалға басқан.
"Сондай-ақ Range Rover автокөлігін заңсыз иемденіп, 19 миллион теңгеден астам шығын келтірген", - дейді ведомство.
Алмалы аудандық сотының үкімімен жеке сот орындаушы 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленді.
700-ге жуық жеке сот орындаушы жауапқа тартылды