Ресей СІМ ресми өкілі Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылдар жайында айтты

Каспий құбыр дәлізінің инфрақұрылымы Қазақстан мұнайын экспорттаудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады, ал алушылар - Батыстың ірі энергетикалық компаниялары.
Sputnik
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Sputnik Қазақстан тілшісінің Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылдар туралы сұрағына жауап берді.
"Бұл жай ғана кездейсоқ әрекет емес. Бұл Киев режимінің террористік стратегиясы. Киев режимінің террористік сипаты бұрыннан күмәнсіз болды", - деді ол.
Захарова Каспий құбыр консорциумының нысандары 2025 жылдан беріне Украина тарапынан әуеден де, теңізден де кем дегенде алты рет шабуылға ұшырағанын еске салды.
"Бірақ Каспий көлік дәлізінің инфрақұрылымы негізінен Қазақстанның экономикалық мүдделеріне қызмет ететінін және қазақстандық мұнай экспортының негізгі бағыттарының бірі болып табылатынын бәрі жақсы біледі", - деді ол.
Сонымен қатар, бұл ресурстарды алушылар арасында АҚШ, Ұлыбритания және Италиядағы ірі энергетикалық компаниялар бар.
"Бұл жағдайда "өзін-өзі қорғау" сөзі мәнсіз ғана емес, сонымен қатар мазақ сияқты естіледі. Бұл Зеленский режимінің өзін батыстық демеушілерден қорғап жатқанын білдіре ме?" - деді Захарова.
Өз ойын қорытындылай келе ол "Вашингтон, Лондон және Рим тиісті қорытынды жасауы керек" деп үміттенетінін білдірді.
Каспий құбыр консорциумы жөндеу жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтайды – Reuters