Алматы мен үш облыста жер сілкінді

Зардап шеккендер мен қирандылар туралы мәлімет түскен жоқ
Sputnik
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Алматыда, Жетісу, Жамбыл және Алматы облыстарында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан .
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, жер дүмпуінің ошағы Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 277 км жерде орналасқан. Магнитуда – 6.7.
Есептік қарқындылығы:
Алматы қаласы – 3 балл,
Алматы облысының аумағында – 2-3 балл,
Жетісу облысының аумағында – 2 балл,
Жамбыл облысының аумағында – 2 балл.
"ҚР ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылдың 4 желтоқсанында Астана уақытымен сағат 12:45-де жер сілкінісін тіркеді", - деп жазылған хабарламада.
Алматылықтарға жер асты дүмпуі туралы хабарлама келді. Қалада дабыл қосылды. Тұрғындар сыртқа шығып жатыр.
ТЖМ мәліметінше зардап шеккендер мен қирандылар туралы мәлімет түскен жоқ. Ақпарат анықталып жатыр.