АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. Ұшақта жолаушыға көмек көрсеткен депсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мұны "пиар үшін жасалған" дегендерге жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Өкінішке қарай, күмәнданғандар бар. Бұл алғаш рет көмек көрсетуім емеc. Бірақ біреу түсіріп, әлеуметтік желіге таратып жіберген жағдай бірінші рет болды. Жолаушының қан қысымы көтеріліп, "дәрігер бар ма?" дегенде бірден барып көмектестім. Кез келген медицина қызметкері дәл солай істейді", - деді министр.
Еске сал кетейік, Ақмарал Әлназарова Астанадан Алматыға бағыт алған рейсте есінен танып қалған жолаушыға көмек көрсеткен еді.