АСТАНА, 3 желтоқсан - Sputnik. Алматыда BMW автокөлігі аялдамада адамдарды қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиға бүгін сағат 14:00-де болған.
"BMW автокөлік жүргізушісі Абай көшесімен шығыс бағытқа келе жатып, рөлге ие бола алмай, бордюрге соғылған. Сосын аялдамада тұрған екі жолаушыны қағып кеткен", - дейді қалалық полиция департаменті.
Жәбірленушілер ауруханаға жеткізілді. Тергеу жүріп жатыр.