АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Астананың іргесіндегі Қоянды кентінде екі оқушыны көлік қағып кетті, деп хабарлайды Ақмола облысының полиция департаменті.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Куәгерлердің айтуынша оқыс жағдай 5 және 10-сыныпта оқитын апалы-сіңлілі қыздар таңертең сабаққа бара жатқан кезде болған.
Облыстық полиция департаменті жол апаты болғанын растады.
"1 желтоқсанда жүргізуші "Ниссан Премьера" автокөлігімен Қоянды кентінде жүріп келе жатып, жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан 2 кәмелетке толмаған баланы соғып кетті. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды", - деп жазылған полиция таратқан ақпаратта.
Қазіріг таңда тергеу жүргізіліп жатыр.