Мақта өсіруден киім тігуге дейін: Түркістан облысында ауқымды кластер құрылады

Sputnik
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Үкімет шитті мақтаны өсіру және терең өңдеу бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені арасында инвестициялар туралы келісім жасауды мақұлдады.Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені
Жобаның мақсаты – алқапта мақта өсіруден бастап дайын киім өндіруге дейін өндірістің толық циклін қалыптастыру.
Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені
"Нәтижесінде Отырар ауданы мен Арыс қаласында 60 мың гектар суармалы жер алаңында Орталық Азиядағы ірі мақта өсіру кешенін құру жоспарланып отыр. 1,4 мыңнан астам тұрақты және 300-ден астам уақытша жұмыс орны ашылады", - деп жазылған хабарламада.
Инвестор – қытайлық Xinjiang Lihua (Group) Co., Ltd. компаниясы. Жобаны жүзеге асырудың бірінші кезеңінде 58 млрд теңгеден астам инвестиция көзделген, шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 200 млрд теңгеден асады.
Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені
Бұрын соңды мұндай ауқымда қолданылмаған технологиялық шешімдерді енгізу:
тамшылатып суарудың тиімділігі жоғары жүйесі бар 196 сорғы стансасын,
500 шақырымнан астам суару және тарату арналарын,
үш ірі сорғы кешенін және үш трансформаторлық қосалқы стансаны,
тыңайтқыштарды интеграцияланған әдіспен беру жүйесін,
әлемдік жетекші өндірушілердің заманауи ауыл шаруашылығы техникасын – жоғары қуатты тракторларды, мақта жинау машиналарын, бүріккіштер және мамандандырылған құрылыс техникасын пайдалану көзделіп отыр.
Сонымен қатар кешен аумағында полиэтиленді қайта өңдеу және тамшылатып суаруға арналған құрал мен иілгіш құбырларды шығару бойынша желі құрылады, бұл импортқа тәуелділікті азайтуға және мақта өсіруден бастап иірілген жіп, маталар мен киімдерді шығаруға дейінгі тұйық өндірістік циклды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені
Бүгінде Қазақстанда жыл сайын 70-75 мың тонна мақта талшығы өндіріледі, оның 85%-ы экспортталады.
Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені
"Жобаны жүзеге асыру ел ішінде терең қайта өңдеу үлесін ұлғайтуға, қосылған құны жоғары дайын тоқыма өнімдерін шығаруды кеңейтуге мүмкіндік береді", - дейді үкімет.
Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені
Сондай-ақ бұл тұтастай алғанда отандық тоқыма өнеркәсібінің өндірістік базасын нығайтады, экспорттық әлеуетті арттырады, шағын және орта бизнесті – логистиканы, техниканы жөндеуді және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту үшін драйвер болады.