АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Индонезия билігінің хабарлауынша, елдегі су тасқыны мен лай көшкінінен қайтыс болғандар саны 753-ке жетті, деп хабарлады РИА Новости.
Сонымен қатар жарақат алғандар саны 2600 шамасында болып отыр.
Индонезияның Солтүстік Суматра, Ачех және Батыс Суматра провинцияларында нөсер жаңбырдың салдарынан су тасқыны болып, көшкін жүрді. Жергілікті билік бұған дейін табиғат апатының салдарынан 686 адамның мерт болғанын хабарлады.
"Табиғат апатынан 753 адам көз жұмды, 526 адам хабар-ошарсыз кетті, 2600 адам жарақат алды", - деп хабарлады Индонезияның Ұлттық апаттар жөніндегі агенттігі.
Агенттік дерегіне сәйкес, 3600 ғимарат қатты зақымданған және 1,2 миллион адам үйлерінен кетуге мәжбүр болған.