Алматыда 30 адамға жоқ пәтерді жалға берген күдікті ұсталды

Осылайша ол тұрғындардан алдын ала төлем, кейбір жағдайларда тіпті толық жалдау ақысын да алған
Sputnik
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Алматыда алаяқтықтың 30 дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы Алмалы ауданының полиция қызметкерлері интернет-платформаларда жалған хабарландырулар орналастыру арқылы азаматтарды алдап келген 18 жастағы күдіктіні ұстады.
Тергеу мәліметінше, ол шын мәнінде жоқ пәтерлерді жалға беру туралы ойдан шығарылған ұсыныстарды жариялаған.
"Осылайша ол тұрғындардан алдын ала төлем, кейбір жағдайларда тіпті толық жалдау ақысын да алған. Бүгінде полицейлер оның заңға қайшы әрекеттерінің шамамен 30 эпизодын анықтады", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Ұлытау облысында алаяқтық жасаған шенеунік айыппұлмен құтылды