Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Ресейдің Украинадағы қақтығысты тоқтатуға мүдделі екеніне сенімді

Ақ үй басшысының пікірінше, Украина да қақтығыстың аяқталғанын қалайды
Sputnik
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей Украинадағы қақтығыстың аяқталуына мүдделі екеніне сенімді, деп жазды РИА Новости.
"Мен Ресей қақтығыстың аяқталғанын қалайды деп санаймын", — деді ол Украина қақтығысын тоқтату жөніндегі келіссөздерге қатысты пікір білдіре отырып.
Ақ үй басшысының пікірінше, Украина да қақтығыстың аяқталғанын қалайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Украинадағы қақтығысты тоқтату бойынша келіссөзден "жақсы нәрсе" күтетінін мәлімдеген болатын.
"Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келіссөзде шынымен де үлкен ілгерілеушілік болуы мүмкін бе? Көзбен көрмейінше сенбеңіздер, бірақ бір жақсы нәрсе болып жатқан секілді", – деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Украинадағы қақтығысты тоқтату бойынша келіссөзден не күтетінін айтты