Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Зеленский Украинаның қорғаныс жоспарына өзгеріс енгізілетінін мәлімдеді

Алайда Украина басшысы қандай өзгерістер екенін нақтылаған жоқ
Sputnik
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Украина президенті Владимир Зеленский қорғаныс министрі Денис Шмыгальдің есебінен кейін елдің қорғаныс жоспарын өзгерту қажет екенін айтты. Ол бұл туралы өзінің Telegram каналында жариялады.
"Украинаның қорғанысына қатысты базалық құжаттарды, соның ішінде мемлекетіміздің қорғаныс жоспарын өзгертетін уақыт келді", – деп жазды ол.
Зеленскийдің айтуынша, ол Шмыгальге "жоспар бойынша нақты ұсыныстар дайындап, оны бекіту үшін министрлер кабинетіне ұсынуды" тапсырған.
Алайда Украина басшысы қандай өзгерістер екенін нақтылаған жоқ.
Қазан айында Зеленский биылғы жылға қорғаныс шығынын 325 миллиард гривнаға (7,78 миллиард доллар) арттыру туралы заңға қол қойған болатын.