АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Қызылорда облысында құтқарушылар автобустан 34 шетелдікті эвакуациялады, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
"Бүгін 112 пультіне Қызылорда облысы Арал ауданы аумағындағы "Қарабұтак–Қызылорда–Шымкент" автожолының 73-шақырымында шетел азаматтары мінген автобус бұзылып қалғаны жөнінде хабарлама түсті", - деп жазылған ведомство ақпаратында.
Автобустың ішінде 34 адам болған. Министрлік қай елдің азаматтары екенін айтпады. Алайда жолаушылар Ресей Федерациясынан Сарыағаш қаласына бет алғаны аталып өткен.
Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары шұғыл жетіп, барлық 34 адамды Арал қаласына жақын орналасқан жылыту пунктіне эвакуациялады.