Астана әуежайындағы рейстер қайта тұрақтандырылды

Кеше түнде бағдарламалық жасақтаманы жаңарту қажеттілігі туралы Airbus техникалық ескертуіне байланысты рейстер кешіктірілген болатын
Sputnik
АСТАНА, 29 қараша - Sputnik. Астана халықаралық әуежайындағы рейстер кешегі кідірістерден кейін тұрақтандырылды.
Кеше түнде әуежайда бағдарламалық жасақтаманы жаңарту қажеттілігі туралы Airbus техникалық ескертуіне байланысты жеке рейстер кешіктірілген болатын.
Air Astana және FlyArystan авиакомпанияларының әуе кемелерінде бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту жедел түрде жүргізілді. Инженерлік қызметтер Air Astana және FlyArystan авиакомпанияларының KC 931 және FS 7063 рейстеріне тартылған екі әуе кемесінде бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңартты.
"Қалған әуе кемелерінде жаңарту жұмыстары жоспарлы кезең-кезеңімен жалғасып жатыр және жуық арада толық аяқталады. Барлық процедуралар Airbus ұшу жарамдылығы жөніндегі директивасына қатаң сәйкестікте, авиакомпаниялар мамандарының, Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің тікелей бақылауымен жүргізілуде", - дейді азаматтық авиация комитеті.
Барлық қызметтер тәулік бойы жұмылдырылып, жаңарту процесін мүмкіндігінше тез аяқтау және әуе қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету бағытында жұмыс істеп жатыр. Жүргізіліп жатқан жұмыстар әуе кемелерінің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
Қазіргі кезде барлық қызметтер штаттық режимде жұмыс істейді, рейстер кесте бойынша орындалады, дейді әуежай баспасөз қызметі.
Алматыдан Құлжаға ұшатын рейстер саны көбейеді