Зергерлік бұйымдар ұрлаған: күдікті әйел Ыстанбұлда ұсталды

Күдікті Астанадағы зергерлік дүкендердің бірінде сатушы болып жұмыс істеп жүрген
Sputnik
АСТАНА, 28 қараша - Sputnik. Зергерлік бұйымдарды ұрлағаны үшін іздеуде жүрген қазақстандық әйел Стамбұлда ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауымен халықаралық іздеуде жүрген 33 жастағы әйел Ыстанбұлда ұсталды.
Оған Қылмыстық Кодекстің 188-бабының 4-бөлігі "Ұрлық" бойынша қылмыс жасады деген күдік тағылған.

"2021 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың маусымына дейін Астанадағы зергерлік дүкендердің бірінде сатушы болып жұмыс істей жүріп, ол жалпы құны 156 млн теңгеден асатын бұйымдарды ұрлап кеткен", - дейді ведомстводағылар.

27 қарашада түрік құқық қорғау органдарының көмегімен күдікті Қазақстанға депортацияланып, қамауға алынды.
Шекарада жүк көлігіне жасырынған заңсыз мигранттар ұсталды