АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Украина басшысы Владимир Зеленский өзінің кеңсе басшысы Андрей Ермак қызметтен кету туралы өтініш бергенін хабарлады, деп жазды РИА Новости.
"Кеңсе басшысы Андрей Ермак отставкаға кету туралы өтініш берді", - деді Зеленский өзінің Telegram каналында жарияланған видеоүндеуінде.
Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органдары Зеленский кеңсесінің басшысы Ермактың үйінде тінту жүргізгені туралы хабарланған болатын.
"Украинская правда" газеті бұған дейін Владимир Зеленскийдің айналасындағылар оған энергетика саласындағы сыбайлас жемқорлық ісіне қатысы бар болғандықтан Ермакты жұмыстан шығаруға кеңес бергенін жазған еді. Бұл идеяны Жоғарғы Раданың көптеген мүшесі қолдады. Бірақ Зеленский оны қақтығысты реттеу бойынша АҚШ және Киевтің басқа серіктестерімен келіссөз жүргізетін делегацияның басшысы етіп тағайындады.
10 қарашада Украинаның ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюросы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы прокуатура энергетика саласындағы сыбайлас жемқорлық схемаларын анықтау үшін ауқымды операция бастады.