Астанада орынға таласқан екі әйел автобуста төбелесіп қалды

Бұл оқиға кішкентай баласының көзінше болған
Sputnik
АСТАНА, 28 қараша - Sputnik. Астанада автобустардың бірінде екі әйел төбелесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сорақысы сол оқиға кішкентай баласының көзінше болған.
"26 және 36 жастағы екі әйел отыратын орын үшін төбелескен. Дене жарақатын алған әйел оқиғаның екінші қатысушысына қатысты шаралар қабылдау туралы шағым түсірді", - дейді полициядағылар.
Қазіргі уақытта полиция қылмыстық кодекстің 108-1-бабы "Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бойынша қылмыстық іс қозғады.
Алматы облысында оқушылар жаппай төбелесті: 17 ата-ана жауапқа тартылды