Құны 600 млн теңгеден асатын жер учаскелері мемлекетке қайтарылды

Құқықтық негіздер болмағанына қарамастан, жер шаруашылық жүргізуші субъектілердің иелігінде бола берген
Sputnik
АСТАНА, 27 қараша - Sputnik. Жер қойнауын пайдалану үшін берілген жер учаскелері қайтарылды, деп хабарлады бас прокуратура.
Қостанай облысының прокуратурасы жер учаскелерін қайтару бойынша шаралар қабылданбағанын анықтады.
Бұрын кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру үшін берілген 16 учаске бойынша лицензиялардың қолданылу мерзімі аяқталғаны не жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар мерзімінен бұрын тоқтатылғаны анықталды.
Сонымен бірге, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 21 және 107-баптарының талаптары бұзылған. Олардың одан әрі иеленуі үшін құқықтық негіздері болмағанына қарамастан, жер шаруашылық жүргізуші субъектілердің иелігінде бола берген .
Облыс прокуратурасының қадағалау актісі бойынша құны 625 млн теңгеден асатын 16 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Бюджетке 1 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылды