АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путинді қоса алғанда, ҰҚШҰ елдерінің президенттері ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін "Ынтымақ Ордо" резиденциясында жиналды.
Мемлекет басшыларын Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қарсы алды.
Саммит қарсаңында өткен ұйымның сыртқы істер және қорғаныс министрлері мен қауіпсіздік кеңесі хатшыларының бірлескен отырысында саммиттің күн тәртібі дайындалды және бекітілді.
Кездесуге қатысушылар Ұйымның әскери құрамдас бөлігін дамытуға бағытталған 40-тан астам мәселе бойынша оң шешімдер қабылдады.
"Бірлескен отырыс барысында ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік аймақтарындағы әскери-саяси жағдай және сессияаралық кезеңдегі Ұйымның қызметі туралы баяндама жасады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.