Шекарада жүк көлігіне жасырынған заңсыз мигранттар ұсталды

23 қарашада Ақтөбе облысының "Жайсаң" автокөлік өткізу пунктінде заңсыз көші-қон әрекетін тоқтатты
Sputnik
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Ақтөбе облысының шекарасында құрылыс материалдарының арасына жасырынған шетелдіктер ұсталды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
23 қарашада Ақтөбе облысының "Жайсаң" автокөлік өткізу пунктінде заңсыз көші-қон әрекетін тоқтатты.

"Жүк көлігін тексеру барысында шекаралық жасақ құрылыс материалдарының арасында жасырынған 10 шетелдік азаматты анықтады", - дейді ведомстводағылар.

Қылмыстық кодекстің 24 және 394-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ҰҚК Шекара қызметі осындай құқық бұзушылықтар қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтыратынын атап өтіп, азаматтарды шекара арқылы заңсыз өту схемаларына қатыспауға шақырады.
Ақмолада тас жолда бұзылған автобустан 50-ден астам шетелдік азамат эвакуацияланды