АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі қашықтан оқытуға көшірілген оқушылардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде 13 өңірде 800-ден астам мектепте 11,5 мың сынып қашықтан оқыту режиміне ауыстырылды.
"Сонда шамамен 250 мың оқушы қашықтан оқыту форматына көшірілді", - деді Сұлтанғазиев журналистерге берген сұхбатында.
Айта кетері, бір апта бұрын қашықтан оқытуға ауыстырылған сыныптардың саны 1 469 болған.