Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Лукашенко Украина бойынша келіссөзді Минскіде қайта өткізуге ұсыныс жасады

Беларусь астанасында өткен келіссөздердің нәтижесінде екі Минск келісімі қабылданған болатын
Sputnik
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Беларусь президенті Александр Лукашенко Бішкектегі кездесуде Ресей басшысы Владимир Путинге Украина қақтығысын реттеуге арналған келіссөзді Минскіде қайта өткізу туралы ұсыныс жасады, деп хабарлады БелТА агенттігі.
"Егер Минскіге қайта оралғыңыз келсе, біз әрқашан дайынбыз", – деп атап өтті Лукашенко.
2014–2021 жылдары Беларусь астанасында әртүрлі форматта және әр деңгейде өткен келіссөздердің нәтижесінде екі Минск келісімі қабылданған болатын.
Сонымен қатар Украинаның шығысындағы жағдайды бейбіт жолмен реттеуге арналған Үшжақты байланыс тобының отырыстары да Беларусь аумағында өткен.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Еуроодақ Украина бойынша бейбітшілік процесіне атсалысуы керек – Лукашенко