АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев түркімен әріптесі Сердар Бердімұхамедовты Ақорда резиденциясында салтанатты түрде қарсы алды.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовты қарсы алды
© Sputnik / Санат Имангалиев
Түрікменстан президенті бір күн бұрын, 24 қарашада Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Сердар Бердімұхамедовты Астана әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаев жеке өзі қарсы алды.
Салтанатты рәсімнен кейін екі көшбасшы келіссөздер залына бет алды.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовты қарсы алды
© Sputnik / Санат Имангалиев
Бұған дейін Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров екі тарап жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізіп, Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективаларын талқылайтынын мәлімдеген болатын.
Оның айтуынша, Қазақстан мен Түрікменстан көшбасшылары сауда-экономикалық, көлік және логистикалық ынтымақтастықты, энергетикалық ынтымақтастықты, мәдени-гуманитарлық алмасуларды кеңейтуге ерекше назар аударады.