Түрікменстан президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді
Sputnik
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Түрікменстан президенті Сердар БердімұхамедовҚазақстанға мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлады Ақорда.
Бердімұхамедовті мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды
"Астана халықаралық әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді", - деп жазылған хабарламада.
Сапар аясында тараптар жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіп, Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқылайды.
Тоқаев Түрікменстан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады