Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады

Ол екі күн бойы Бішкекте өтеді
Sputnik
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады, деп хабарлады Ақорда.
"26-27 қараша күндері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына барады", - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов мемлекет басшысына ұйымның Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына дайындық барысы туралы баяндаған болатын.
ҰҚШҰ бас хатшысы президентке ұйымның саммитіне дайындық барысы туралы баяндады