"Союз МС-28" ғарыш кемесі бар зымыран Байқоңырдағы ұшу алаңына орналастырылды

Зымыранды ұшыру 27 қарашаға жоспарланған
Sputnik
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. "Роскосмос" Байқоңыр ғарыш айлағында "Союз МС-28" ғарыш кемесі бар "Союз-2.1а" зымыраны орнату сәтінің кадрларымен бөлісті.
24 қарашада Астана уақыты бойынша таңғы сағат 7:30-да "Союз МС-28" ғарыш кемесі бар зымыран құрастыру-сынақ кешенінен шығарыла бастады.
Ұшыру 27 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 14:28-де жоспарланған. Экипаж құрамында "Роскосмос" ғарышкерлері Сергей Кудь‑Сверчков пен Сергей Микаев, сондай-ақ астронавт Кристофер Уильямс бар.
"Роскосмос" ғарышкерлері Сергей Кудь‑Сверчков пен Сергей Микаев, астронавт Кристофер Уильямс
Олар орбитада 242 күн өткізеді. Ресейлік бағдарламаға 40-тан астам эксперимент, сондай-ақ 2026 жылдың сәуір және маусым айларында ғарышқа екі рет шығу кіреді.
22 қарашада ғарыш кемесі жиналды. Ғарышқа экипаждан басқа 125 килограммнан астам жүк жіберіледі.
13 қарашада Байқоңырда ғарышкерлер "Союз МС-28" ұшырылымына қатысатын елдердің - Қазақстан, Ресей және АҚШ туларын көтерді. Бұл іс-шара экипаждың ұшуға дайындығының соңғы кезеңінің басталуын білдіреді.
"Бәйтерек" жобасына арналған алғашқы зымыран Байқоңырға жеткізілді