Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 24 қараша

24 қарашада не болғанын білесіз бе?
Sputnik
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

24 қарашада қандай мереке аталып өтеді

Бүгін әлем елдері Морж күнін атап өтеді. Бұл күн айтулы даталар күнтізбесіне 2008 жылы Теңіз сүтқоректілері кеңесі мен WWF (Бүкіләлемдік жабайы табиғат қоры) бастамасының арқасында енді. 24 қараша кездейсоқ таңдалып отырған жоқ. Күздің соңғы аптасында морждар тіршілік ортасын өзгертіп, Беринг бұғазына аттанып, сонда қыстап қалады. Табиғатты қорғаушылар осылай климаттың өзгеруі мен адамның тікелей араласуы салдарынан теңіз сүтқоректілерінің санының азаюына әкелетін мәселелерге қоғамның назарын аударуды ұйғарған.
Морж
Сонымен қатар бүгін – Достар табу және адамдарға ықпал ету күні. 24 қараша "Қалай дос табуға және адамдарға ықпал етуге болады" кітабының авторы Дейл Карнегидің туған күні болғандықтан, аталған мереке жыл сайын осы күні тойланады. Бұл күні АҚШ-та Карнегидің туындылары кітап дүкендерінде жақсы сатылатын жерге қойылады. Мектептер мен университеттерде жастардың әлеуметтенуіне көмектесу үшін тақырыптық лекциялар, семинарлар, пікірталастар өтеді.
Дэйл Карнеги
Түркияда бүгін Мұғалім күні аталып өтеді. Қазіргі түрік мемлекетінің негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүріктің құрметіне ресми түрде бекітілген. 1928 жылы 24 қарашада халықтың сауатын ашу үшін ұлттық мектептері ашылған, ал Ататүрік ұлттың бас ұстазы рөлін алды. Сонымен қатар 1934 жылы 24 қарашада Түркияның Ұлы ұлттық мәжілісі Мұстафа Кемалға "түріктердің атасы" деген мағынаны білдіретін Ататүрік тегін берді.
Мұстафа Кемал Ататүрік
Тәжікстанда бұл күн Мемлекеттік Ту күні ретінде тойланады.

Тәжікстанда Ту күні ресми түрде 2009 жылы президент жарлығымен бекітілген. Елдің барлық қаласында мерекелік іс-шаралар, соның ішінде шерулер, спорттық жарыстар және концерттер ұйымдастырылады. Душанбеде 165 метрді құрайтын әлемдегі ең биік флагшток тұғырына Тәжікстанның мемлекеттік туын көтеру рәсімі өтеді.

24 қарашада әлемде болған тарихи оқиғалар

1859 жылы Чарльз Дарвин эволюциялық теориясын жариялады;
1927 жылы Мәскеу оперетта театры ашылды;
1963 жылы АҚШ президенті Джон Кеннедиді өлтірді деп айыпталған жалғыз күдікті Ли Харви Освальд басқа түрмеге әкетіп бара жатқанда ауыр жараланып, көз жұмды.

24 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1961 жылы Жезқазған қалалық кітапханасына Мұхтар Әуезовтің есімі берілді;
2000 жылы "Қазақстан" журналы жарыққа шықты;
2004 жылы Алматыда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик Сауық Тәкежанов тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды;
2014 жылы Алматы облысының Бесағаш кентінде белгілі спортшы, Қазақстанда таэквандо мектебінің негізін қалаған Мұстафа Өзтүрікке ескерткіш орнатылды.

24 қарашада әлемде туған танымал тұлғалар

1632 жылы голланд философы Бенедикт Спиноза дүниеге келді;
1713 жылы ағылшын жазушысы, "Тристрам Шандидің өмірі мен пікірі" романының авторы Лоренс Стерн дүниеге келді;
1789 жылы ұлы орыс қолбасшысы, әскери теоретик Александр Суворов дүниеге келді;
1888 жылы Дэйл Карнеги дүниеге келді - америкалық педагог, оқытушы, жазушы, әйгілі "Қалай достар табуға және адамдарға ықпал етуге болады" және "Қалай уайымдауды тоқтатып, өмір сүруді бастау керек" кітаптарының авторы;
1938 жылы кеңестік және ресейлік театр және кино әртісі Наталья Крачковская туды. (Фильмдері - "Двенадцать стульев", "Иван Васильевич меняет профессию");
1941 жылы кеңестік және ресейлік тележүргізуші, РФ еңбек сіңірген өнер қайраткері (1994), ұзақ жылдар КВН жүргізген Александр Масляков дүниеге келді.

24 қарашада Қазақстанда кімдер туды

1895 жылы белгілі ақын, жазушы, қазақ балалар әдебиетінің негізін салғандардың бірі Сапарғали Бегалин дүниеге келді;
1933 жылы актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Тұрсынжан Айнақұлов өмірге келді.