АСТАНА, 22 қараша - Sputnik. Астанадағы орыс үйінде "Ресейде оқы" деген атаумен университеттердің тоғызыншы көрмесі өтіп жатыр.
Білім беру шарасының ауқымы кең, өйткені көрмеде Калининградтан Қиыр Шығысқа дейінгі аймақтардың 45 жоғарғы оқу орны таныстырылды.
Астанада Ресейдің 45 жоғары оқу орнының көрмесі өтіп жатыр
© Sputnik / Санат Имангалиев
Көрмеде бакалавриат, магистратура және мамандық, Ресей Федерациясы үкіметінің квотасы туралы ақпараттар алуға болады. Сондай-ақ дайындық курстары мен қабылдау емтихандары туралы да айтылады.
"Ресей - ықылым заманнан білім беру дәстүрлері бар ел" дейді "Білім және мансап" көрмелерін ұйымдастыру комитетінің төрағасы Валерий Старченко.
Астанада Ресейдің 45 жоғары оқу орнының көрмесі өтіп жатыр
© Sputnik / Санат Имангалиев
"Бұл көрмеде Мәскеу, Санкт-Петербург, Томск және Омбы, шамамен 20 қаланың жоғарғы оқу орындары ұсынылған. Гуманитарлық бағыттан бастап, Мәскеудің күрделі физика-техникалық университеті Мәскеу инженерлік-физикалық институтына дейін қамтылған. Ресей Қазақстанда АЭС салу туралы келісімге қол қойғаны баршаға мәлім. Міне, Мәскеу инженерлік-физикалық институты сол атом саласында жұмыс істеуге мамандар дайындайды", - деді Валерий Старченко.
Биыл Ресей үкіметі қазақстандық студенттерді оқытуға 800 квота бөлді, деп хабарлады көрмені ұйымдастырушылар.
Астанада Ресейдің 45 жоғары оқу орнының көрмесі өтіп жатыр
© Sputnik / Санат Имангалиев
Көрме 22-23 қараша аралығында орыс үйінде өтеді:
22 қараша — 11:00-ден 17:00-ге дейін;
23 қараша — 10:00-ден 16:00-ге дейін.
Іс-шара Астана, Кенесары көшесі, 39 мекенжайында болады.
Астанада Ресейдің 45 жоғары оқу орнының көрмесі өтіп жатыр
© Sputnik / Санат Имангалиев