Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Тоқаев Трамптың Украинадағы ахуалды реттеуге бағытталған күш-жігеріне қолдау білдірді

Бұл туралы президент Пашинянмен БАҚ өкілдеріне арналған брифингте айтты
Sputnik
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинадағы ахуалды реттеуге бағытталған күш-жігеріне және ұсынған жоспарына қолдау білдірді.
Мемлекет басшысының айтуынша, тараптар аймақтық және халықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, екі елдің көптеген түйткілге қатысты ұстанымдары ұқсас екенін растаған.
"Қазіргі күрделі геосаяси жағдайда АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинадағы ахуалды реттеуге бағытталған күш-жігерін және ұсынып жатқан жоспарын қолдаймын. Сондай-ақ Қазақстан Армения мен Әзербайжанның бейбітшілік жолындағы ортақ ұмтылысын толық қолдайды", – деді президент.
Қазақстан Ресей-Украина келіссөздері үшін диалог алаңын ұсынуға дайын – Тоқаев