Тоқаев пен Пашинян Ақордада келіссөз жүргізді

Sputnik
АЛМАТЫ, 21 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға келген Армения премьер-министрі Никол Пашинямен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорда.
Никол Пашинян мен Қасым-Жомарт Тоқаев
Тоқаев Армения премьерінің Қазақстанға келуі маңызды оқиға екенін атап өтті.
"Екі елдің стратегиялық серіктестік деңгейіндегі қарым-қатынасының дамуына үлкен серпін береді деп сенеміз. Бұл – Қазақстанға алғашқы сапарыңыз. Шын мәнінде, қазақ халқы Армения жұртына, тарихына, салт-дәстүріне, мәдениетіне зор құрметпен қарайды", - деді Тоқаев.
Оның айтуынша, сапар барысында бірқатар маңызды келісімге қол қойылады.
Армения премьер-министрі Никол Пашинянның Қазақстанға ресми сапары
Ал Арманияның премьер-министрі Никол Пашинян Қазақстанның қонақжайлылығына алғысын білдірді.
"Аса құрметті президент мырза, мені Қазақстанға ресми сапармен шақырып, Астанада қонақжайлық танытқаныңыз үшін алғыс айтамын. Бұл сапар біздің екіжақты қарым-қатынасымызға тың серпін береді. Қос мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі Сіздің былтыр Арменияға жасаған ресми сапарыңыздан бастау алды", - деді Пшенян.
Оның айтуынша, Тоқаевтың Арменя жеріне жасаған іс-сапары аясында біраз келісімге қол қойылды.
Тоқаев пен Пашинян Ақордада келіссөз жүргізді
"Оның кейбірі жүзеге асырылды, қалған бөлігі орындалу үстінде. Қазақстанға ресми сапармен келу – мен үшін зор мәртебе",- деді Армения премьер министрі.