АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Қазақстан спортшысы Алдияр Серік VI Ислам ынтымақтастығы ойындарының чемпионы атанды.
Джиу-джитсудан (69 кг, ерлер) өткен финалда қазақстандық спортшы Алдияр ел қоржынына 13-ші алтын медальді салды.
Алдияр Серік Сауд Арабиясының өкілі Мухаммед Кораймылды жеңді.
Ал Рамазан Құсаинов күміс медаль еншіледі. Құсаинов Сауд Арабиясының өкілі Омар Надамен кездесіп, жекпе-жек қорытындысы бойынша күміс медальге ие болды.
Биылғы додаға әлемнің 57 елінен 3000-нан астам спортшы қатысып жатыр. Қазақстан құрамасынан 15 спорт түрінен 98 спортшы бақ сынайды. VI Ислам ынтымақтастығы ойындары 7–21 қараша аралығында өтеді.