Үкімет ақшаны қарызға не үшін алады – Бектеновтың жауабы

Қарызға алынған ақша коммерциялық тұрғыда тиімді және өзін-өзі ақтайтын жобаларға салынуы қаже
Sputnik
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов үкіметтің ақшаны қарызға не үшін алатынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде мемлекеттік қарыздың көлемі 34 трлн теңгеге жуықтады. Бектеновтың айтуынша, қарыздың қазіргі мөлшері қауіпсіз деңгейге жатады. Оны халықаралық қаржы ұйымдары да растап отыр.
"Әрине, қарызға алынған ақша коммерциялық тұрғыда тиімді және өзін-өзі ақтайтын жобаларға салынуы қажет. Ал одан түсетін қаржы қарызды төлеуге жұмсалуы шарт. Мысалы, жолдар көбінесе сырттан қарызға алынған қаражатқа салынады. Бүгінде ақылы жолдар жүйесі де енгізіліп жатыр. Негізгі мақсат – жолды салуға кеткен қаржыны қайтару", - деді Бектенов сенаттың бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, былтыр бюджетке жолдардан 48 млрд теңге түсті. Соның ішінде 10 млрд теңгесін шетелдік көліктер төлеген.
"Биыл он айдың қорытындысы бойынша 72 млрд теңге түскен. Соның ішінде шете көліктерінен 17 млрд теңге түсті", - деп атап өтті Бектенов.
Қазақстанның мемлекеттік қарызы қанша теңгеге өсті