АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында жұмысшы әйел астық қоймасына құлауы салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
"19 қараша күні Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бірінің аумағында астық қоймасына құлап кеткен 34 жастағы жұмысшы әйел қаза тапты", - деп жазылған хабарламада.
Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, тергеу жүргізіліп жатыр.