АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Семейде полицейлер алаяқтықпен айналысқан күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Семей қаласының полициясына 60 жастағы жергілікті тұрғыннан алаяқтық фактісі бойынша өтініш түсті.
Арызданушының айтуынша, оның танысы, қаланың 42 жастағы тұрғын, пәтерді төмендетілген бағамен алуға көмектесемін деп уәде берген. Арызданушы әйелдің сөздеріне сеніп, оған 2,5 млн теңге көлемінде ақша берген. Алайда ол уәде етілген тұрғын үйді ала алмаған.
Полиция қызметкерлерінің жүргізген шаралары нәтижесінде күдікті анықталып, орталық полиция бөліміне жеткізілді. Жүргізілген тергеу барысында күдікті айыбын толық мойындады.
Белгілі болғандай, күдікті ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Ірі көлемде жасалған алаяқтық фактісі бойынша тергеу жұмыстары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.