АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әділқасымова ипотека мөлшерлемесі жаңа әдістеме бойынша қалай есептелетінін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде ипотеканың шекті мөлшерлемесі 25 процентті құрайды. 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін жаңа әдістемені енгізу жоспарланып отыр.
"Мысалы, бір пәтерді сатып алғанда ипотеканың алғашқы жарнасы көп болса, банктен қарызға аз ақша алынады. Демек ипотеканың мөлшерлемесін төмен қоюға болады. Жаңа әдістемеде осы мәселеге негізгі басымдық беріледі", - деді Әбілқасымова үкіметте өткен брифингте.
Айта кетері, тұтынушылық кредиттер бойынша да дәл сондай әдістеме болады. Қазіргі кезде ондай кредиттердің орташа мөлшерлемесі 35-36 процентке дейін барады.