Елде азаматтық-құқықтық сипатта шарт жасасуға тыйым салынуы мүмкін

Депутаттар қолданыстағы кодекстерге ұсынылған түзетулерді мақұлдады
Sputnik
АСТАНА, 19 қараша - Sputnik. Мәжілісі Еңбек кодексіне және "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске түзетулерді мақұлдады.
Еңбек кодексіндегі тармақтардың бірінде еңбек қызметінің кемінде бір белгісі болған кезде қызметкермен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасасуға тыйым салу көзделеді. Бұл норма қызметкерлердің заңды құқықтарын қорғауға бағытталған, деп атап өтті мәжілісте.
"Бүгінгі таңда еңбек кодексінде 27 бап көзделген, бұл еңбек кодексінің шарттардың басқа түрлерінен айырмашылығы. Онда үш тармақша қарастырылған, біріншісі - қызметкердің белгілі бір біліктілік пен мамандық бойынша функцияларды орындауы. Екіншісі - басшылыққа бағынатын міндеттемелерді орындау, үшіншісі - қызметкердің жалақы алуы. Яғни, еңбек пен өзге де шарттардың айырмашылығы бар", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ерсаев.
Сондай-ақ еңбек министрлігі шарттың Кодекстің 27-бабына сәйкестігін жұмыс берушінің өзі тексеруі тиіс екенін түсіндірді. Егер талаптар сәйкес келсе, онда тек еңбек шарты жасалуы керек. Бақылауды еңбек инспекциясы жүзеге асырады.
Жұмыс істемейтін ата-ананың балаға қараған уақыты еңбек өтілі ретінде есептелуі мүмкін