АСТАНА, 18 қараша - Sputnik. Қазақстанда жасанды интеллект туралы заңдарды бұзғаны үшін қандай айыппұлдар салынады.
жеке тұлғалар үшін: 15 АЕК (64 875 теңге);
шағын бизнес немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін: 20 АЕК (86 500 теңге);
орта бизнес үшін: 30 АЕК (129 750 теңге);
ірі бизнес үшін: 100 АЕК (432 500 теңге).
Бір жыл ішінде қайталанған бұзушылық үшін:
жеке тұлғалар үшін – 30 АЕК (129 750 теңге);
шағын бизнес немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін – 50 АЕК (216 250 теңге);
орта бизнес үшін – 70 АЕК (302 750 теңге);
ірі бизнес үшін – 200 АЕК (865 000 теңге), жасанды интеллект жүйесін тоқтата тұру немесе тыйым салумен.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген бұл түзетулер 2026 жылдың 18 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
2026 жылы АЕК 4 325 теңгені құрайды.