Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ Ресеймен Украина жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр

Ақ үй соғысты тоқтату үшін Ресеймен келіссөз жүргізуді жалғастырып жатыр
Sputnik
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Ақ үй Украинадағы қақтығысты тоқтату үшін Ресеймен келіссөз жүргізуді жалғастырып жатыр, деп хабарлады Reuters аты-жөні аталмаған АҚШ шенеунігіне сілтеме жасай отырып.
"Ақ үй соғысты тоқтату үшін Ресеймен келіссөз жүргізуді жалғастырып жатыр", - делінген хабарламада.
Шенеуніктің айтуынша, АҚШ әкімшілігі келіссөз процесі бойынша "ашық жұмыс істеп жатыр", бірақ болып жатқан оқиғалардың көптігіне байланысты бұл жаңалық басты назардан тыс қалған.
Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Украинадағы қақтығысты реттеу үшін Дональд Трамп пен Владимир Путиннің диалогы қажет екенін атап өтті.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украинадағы жағдайды реттеу үшін Путин мен Трамптың диалогы қажет – Вэнс