АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. "Шу–Тараз" учаскесіндегі Тәтті станциясында көлік пен пойыз соқтығысты, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы".
Оқиға 14 қарашада күзетілмейтін өткелде болған.
"Lada Niva автокөлігінің жүргізушісі дабылдың тыйым салу көрсеткішін елемей, "Алматы — Шымкент" жолаушылар пойызы құрамының ортасындағы вагонға соғылды", - дейді компания өкілдері.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқыс оқиға түнгі уақытта болған.
Пойыз бағдар бойынша жол жүруді жалғастырды. Шымкент станциясында вагондарға техникалық тексеру жүргізілді және қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін ақаулар анықталған жоқ.
Вагонға соғылған автокөлік жүргізушісі анықталды, құқық қорғау органдары тиісті жұмыс жүргізіп жатыр.