Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында ЕЭК министріне цифрлық пломба көрсетілді

ЕАЭО аумағындағы тасымалды қадағалауға арналған цифрлық пломбалар 2026 жылдың 11 ақпанынан бастап толық көлемде қолданылады
Sputnik
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссияның кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдов "Яллама" және "Б. Қонысбаев" өткізу пункттерінде болды, деп хабарлады ЕЭК.
Бұл өткізу бекеттері арқылы тәулігіне 1000-нан астам жүк көлігі өтеді.
Қазақстандық өткізу пунктінде Руслан Давыдовқа электронды навигациялық пломба қалай жұмыс істейтіні көрсетілді.
ЕАЭО аумағындағы тасымалды қадағалауға арналған цифрлық пломбалар 2026 жылдың 11 ақпанынан бастап толық көлемде қолданылады.
ЕАЭО елдерінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы 10,2%-ға өсті