Көкшетауда үш бала мұз астына түсіп кетті

Үшеуі де көпсалалы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді
Sputnik
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Ақмола облысында балалар мұз астына түсіп кетті, деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаменті.
Көкшетауда балалар ойнап жүріп, мұздың астына түсіп кеткен.
"2016, 2017 және 2018 жылы туған үш бала Қылшақты өзенінің жұқа мұзында ойнап жүріп, мұздың астына түсіп кеткен. Мұны куәгер көріп қалған. Ол балаларды дер кезінде құтқарып, оларды келген жедел жәрдем бригадасына тапсырған", - дейді ведомстводағылар.
Дәрігерлер балаларды қатты тоңбағанын айтқан. Үшеуі де көпсалалы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Медициналық тексеруден кейін олар үйлеріне амбулаторлық емделуге жіберілді.
Қазіргі уақытта ТЖД қызметкерлері балаларды құтқарған ер адамды мемлекеттік наградаға ұсыну үшін іздеп жатыр.
Айта кетейік, облыста соңғы төрт күнде ережені елемей, жұқа мұз бетіне шыққан 35 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Петропавлда төрт жасөспірім мұз астына түсіп кете жаздаған