Армения премьер-министрі Никол Пашинян Қазақстанға ресми сапармен келеді

Пашинянның Астанаға келуі 20-21 қараша күндеріне жоспарланып отыр
Sputnik
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Армения премьер-министрі Никол Пашинян Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлады Ақорда.
Пашинянның Астанаға келуі 20-21 қараша күндеріне жоспарланып отыр.
"Сапар бағдарламасы аясында екі ел делегацияларының қатысуымен келіссөздер өтіп, Қазақстан мен Армения арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады", - деп жазылған хабарламада.
Тоқаев пен Пашинян көлік-транзиттік, инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады