АСТАНА, 16 қараша - Sputnik. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өткен Гран-при кезеңінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитеті.
Қысқа бағдарламада Михаил Шайдоров үшінші нәтиже көрсетті. Ал еркін бағдарламада ол161,42 ұпаймен көш бастады.
Екі бағдарламаның қорытындысы бойынша ол 251,09 ұпай жинап, жалпы есепте екінші орын алды. Франция өкілі Кевин Аймоз жарыс жеңімпазы атанды. (253,53 ұпай). Қола медальді жапониялық Казуки Томоно жеңіп алды (245,57 ұпай).