Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Украинадағы соғысты тоқтата алмайды – Медведчук

Өйткені Ресей жағы оны қабылдауы немесе қабылдамауы мүмкін, дейді "Басқа Украина" қозғалысының төрағасы
Sputnik
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы соғысты тоқтата алмайды. Бұл туралы Украинада тыйым салынған "Оппозициялық платформа - Өмір үшін" партиясының бұрынғы басшысы және "Басқа Украина" қозғалысының төрағасы Виктор Медведчук мәлімдеді.

"Трамп соғысты тез арада аяқтауы керек. Оның қолынан келе ме, жоқ па, білмеймін. Келмейтініне сенімдімін. Өйткені Ресей жағы оны қабылдауы немесе қабылдамауы мүмкін... Өйткені қақтығыстың түпкі себептері ескерілмесе, онда бұл соғысты аяқтай алмайсың", - деді Медведчук РИА Новостиге.

Ол бітім жасау немесе атысты тоқтату даулы мәселені шешудің уақытша жолдары екенін атап өтті.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Германия Украинаға қару сатып алуға 150 млн еуро бөледі