АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты реттеу мерзіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады РИА Новости.
"Өте жақын арада реттеледі деп үміттенемін", - деді Трамп британиялық GB News телеарнасына берген сұхбатында.
Сонымен қатар АҚШ президенті ресейлік әріптесі Владимир Путинмен қарым-қатынасты Украинадағы қақтығысты реттеудегі фактор ретінде қарастырғанын мәлімдеді.
"Мен президент Путинмен өте жақсы қарым-қатынастамын деп ойладым. Сондықтан Украинадағы қақтығысты реттеу оңайырақ болады деп сендім", - деді Трамп.
Ол сегіз қақтығыстың шешімін табуына өзі ықпал еткенін айтып, Украинадағы қақтығыс та жақын арада реттелетініне сенім білдірді,