Тоқаев "Келешек мұрасы" халықаралық сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысты

Қазақстаннан актер Еркебұлан Дайыров "Театр және кино" аталымы бойынша "Келешек мұрасы" сыйлығының лауреаты атанды
Sputnik
АСТАНА, 15 қараша - Sputnik. Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттерінің басшылары Ислам өркениеті орталығына барды, деп хабарлады Ақорда.
Президенттерге орталық ислам өркениетінің бір бөлшегі саналатын Өзбекстанның бай мәдени-рухани мұрасын терең зерттеу және насихаттау мақсатында құрылғаны жөнінде баяндалды.
Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттерінің басшылары Ислам өркениеті орталығына барды
Мұндағы ең басты жәдігер – Осман Құраны. Ал оның жан-жағында Құран сүрелерінің санына сәйкес 114 ежелгі кітап қойылады.
Сонымен қатар Тоқаев Орталық Азия елдерінің және Әзербайжан президенттерімен бірге "Келешек мұрасы" халықаралық сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдерінің және Әзербайжан президенттерімен бірге "Келешек мұрасы" халықаралық сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысты
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің айтуынша, биыл тағайындаған бұл сыйлық дәстүрді жаңғыртуға, өнерді дамытуға, сондай-ақ ұлттық рухани мұраны насихаттауға елеулі үлес қосқан мәдениет қайраткерлеріне беріледі.
Қазақстаннан актер Еркебұлан Дайыров "Театр және кино" аталымы бойынша "Келешек мұрасы" сыйлығының лауреаты атанды.
Тоқаев өзбек тарапын логистикалық жобаларды жүзеге асыруға шақырды