АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке Ташкентке мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны және дәстүрлі қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесу барысында мемлекет басшылары қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі дамыту перспективасын егжей-тегжейлі талқылады.
Президенттер сауда, өнеркәсіп кооперациясы, көлік-логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, су ресурстары секілді басым бағыттардағы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты нығайту мәселелерін қарастырды.
Сонымен қатар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Айта кетері, Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барды.
Сапар бағдарламасы мемлекет басшыларының келіссөздері мен олардың Қазақстан мен Өзбекстанның Жоғары Мемлекетаралық Кеңесінің отырысына қатысуын қамтиды.
16 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкентте өтетін Орталық Азия мен Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VII консультативтік кездесуіне қатысады.