Инфографика

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда айналымы - инфографика

Екі ел арасында одақ құру туралы келісім 2022 жылы күшіне енген
Sputnik
АСТАНА, 14 қараша - Sputnik. 14-15 қарашада Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкентке мемлекеттік сапармен барады.
Қазақстан президентінің сапары алдында екі ел арасындағы 2025 жылғы экономикалық ынтымақтастық туралы деректерді жариялап отырмыз.
Қаңтар-тамыз айларында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда айналымы 3 миллиард долларға жетті. Екі ел белсенді түрде ынтымақтастық жасап, ірі бірлескен жобаларды әзірлеп жатыр, соның ішінде:
Қырғызстандағы Қамбар Ата су электр станциясы-1;
Жасыл энергетикалық дәлізі;
"Орталық Азия" өнеркәсіптік ынтымақтастық орталығы.
Сонымен қатар, Қазақстан мен Өзбекстан ТМД, ШЫҰ және Түркі мемлекттері ұйымына мүше. Елдер сондай-ақ "Орталық Азия + АҚШ" сияқты аймақтық платформаларда белсенді түрде ынтымақтастық жасайды.
Тоқаев айтқандай, Қазақстан бауырлас Өзбекстанмен ынтымақтастықты дамытуға басымдық береді.
"Біз мұны Орталық Азия аймағында тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі өте маңызды фактор деп санаймыз", - деді президент.
Екі елдің ынтымақтастығы туралы толық ақпаратты инфографикадан қараңыз.
Инфографика
2026 жылғы діни күндер кестесі - инфографика