АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Қазақстанның алғашқы атом электр станциясының атауы қараша айының соңына дейін жарияланады, деп хабарлады атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Ғұмар Серғазин.
"Менің ойымша, ол осы айдың соңына дейін белгілі болады", - деді ол.
Атом электр станциясына ең үздік атауына арналған байқау 25 қыркүйектен 10 қазанға дейін жалғасты және оған 27 мыңнан астам өтінім келіп түсті.
Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын ресейлік "Росатом" корпорациясы жетекшілік ететін халықаралық консорциум салады.